Мұстақым Малдыбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұстақым Малдыбайұлы (1880-1923, кейбір деректерде 1927), публицист, қоғам қайраткері, Алаш қозғалысына белсене катысушылардың бірі. Қарқаралының түлегі. Троицк к-ндағы орыс-қазақ мектебін, Уфадағы Ғалия медресесін тәмамдаған. 1910-11 ж. Жетісу жеріндегі Мамания мектебінде оқытушы әрі директоры қызметін атқарған. 1912 ж. Семейде «Жәрдем» баспаханасында Малдыбайұлының «Қазақша оқу кітабы», «Иман және намаз» атты оқулықтары жарыққа шыққан. Елеусін Бұйриннің 1912 ж. шыққан «Ызын» жинағына Малдыбайұлының «Туған жерім» атты өлеңі енғен. Мақалалары «Қазақстан» (1911-13), «Қазақ» (1913-18), «Қазақ тілі» (1918-19) газеттері мен «Айқап» журналдарында жарык керғен. Ол кейбір еңбектерінде «М. М.», «Азамат Қорықбасов», «Мұстақым», «Ризабек Сәулеев», «Жолдасы» атты бүркеніш есімдерді қолданған. Жаңа экономикалық саясат жылдары Едірейдің Қараадыр деген қыстағынан мектеп, дүкен, сүт өнімдерін шығаратын шағын зауыт ашкан. Семей к-нда банкісі, Сарыкияқта мал семірту пункті болған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}