Мұстафа Ысмағұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Мұстафа Ысмағұлов (1914 жыл, БҚО, Жәнібек ауданы - 1987 жыл, Алматы) - халық мұраларын жинаушы, зерттеуші.

Еңбек жолы

1930 жылы Қызылорда сауда техникумын бітірген. 1954 жылдан 1974 жылға дейін Қазақстан ҒА Философия және құқық институтында қызмет істеген. Ол Батыс Қазақстан өлкесінің өткен кезеңдері, тарихи тұлғалары туралы құнды деректер жинаған. Әсіресе Боғда, Еспай, Сейтек, Зәмзәм Есжанова, т.б. күйлерін таспаға жаздырған. 1982 жылдан Махамбеттің «Шашақты найза, шалқар күй» атты жинағын шығаруға ат салысты және оның домбырасын тауып, республикалық халық аспаптары музейіне тапсырды.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер