Мұстафа Көкебаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұстафа Көкебаев (1888 жыл, Бөкей ордасы ауданы1964 жыл, Шымкент қаласы) – қоғам қайраткері.

  • Орда 4 сыныптық мектебін бітірген (1907).
  • Астрахан гимназиясын бітіріп, Омбы мал дәрігерлік училищесінде оқыған (1910).
  • 1910 – 17 ж. Астраханда мал дәрігері болып жұмыс істеді.
  • “Айқап” журналына тұрақты мақала жазып, 1911 – 13 ж. “Қазақстан” газетін шығару, оны тарату ісіне белсене қатысты. Ш.Бөкеев, Е.Бұйрин, С.Нұралыханов, Ғ.Қарашев, Г.Мұсағалиевтармен жақын араласты.
  • 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқаны үшін Астрахан түрмесіне қамауға алынған С.Меңдешев, Н.Зәлиев пен Ө.Исатаевтарға материалдық жағынан жәрдем берді.
  • 1918 жылға дейін Алаш партиясының белсенді мүшесі болды.
  • 1918 ж. Қызыл Армияның жергілікті бөлімшелерін құру жөніндегі комиссия құрамында жұмыс істеді.
  • Бөкей губерниясының атқару комитетінің президиум мүшесі, оның жауапты хатшысы, РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының Бөкей бөлімшесінің меңгерушісі болды. Көкебаев маңызды саяси материалдар мен құжаттарды қазақ тіліне аударумен айналысты.
  • 1919 ж. Бөкей ордасында “халық музейін” ашу туралы бастама көтерді.
  • 1921 – 26 ж. Саратов университетінің құқық факультетінде оқыды.
  • Кейін Орал, Алматы облысы жоспарлау органдарында, республикалық мемлекеттік жоспарлау комитетінде қызмет істеген,
  • Шымкент педогогикалық институтында сабақ берген.<ref>Зиманов С., Даулетова С., Смагулов М., Казахский отдел народного комиссариата по делам национальностей РКФСР, А.-А., 1975</ref><ref>Протоколы революционного комитета по управлению Казахским краем. Сб. документов и материалов, А., 1993</ref><ref>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том</ref><ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}