Мұса Ташмұхамедов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айбек (шын аты-жөні — Мұса Ташмұхамедов; 10.1.1905, Ташкент, — 1.7.1968, сонда) — өзбек жазушысы, әдебиет зерттеуші, аудармашы, қоғам қайраткері. Өзбекстанның Халық жазушысы (1965 жылы), Өзбекстан Ғылым Академиясының академигі (1943). Ленинград халық шаруашық институтында оқыған (1927 — 29 жылдары), Орта Азия мемлекеттер университетін бітірген (1930 жылы). 1943 — 59 жылдары педагогикадық қызметпен шұғылданды. “Шарқ юлдузи”, “Өзбек тілі мен әдебиеті” журналының бас редакторы, Өзбекстан Ғылым Академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы болды. Тұңғыш өлеңдер жинағы “Сезім” 1926 жылы жарық көрді. “Киелі қан” (1940 жылы), “Науаи” (1945 жылы; КСРО Мемлекет сыйлығы, 1946 жылы), “Алтын алқаптың желі” (1950 жылы), “Күн сөнбейді” (1958 жылы), “Ұлы жол” (1967 жылы) романдары, “Жарық іздеу жолы” (1956 жылы), “Әлішердің балалық шағы” (1974 жылы) повестері жарияланды. “Жүрек сырнайы” (1929 жылы), “Поэмалар” (1949 жылы), “Күн туралы ән” (1965 жылы), “Отты жылдар” (1965 жылы), “Жүрек әні” (1966 жылы), “Науаи” (1968 жылы) т. б. поэзиялық жинақтары жарық көрді. Өзбек, қазақ халықтарының туысқандық ынтымағына арналған “Бақтығұл мен Сағындық” (1933 жылы) поэмасы бар. “Киелі қан”, “Науаи” романдары, “Балалық шақ” повесі қазақ тіліне аударылған. 2 рет Ленин орденімен марапатталған.

Дереккөздер:

Қазақ энциклопедиясы I том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұса Ташмұхамедов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}