Мұсабек Рахманбердиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рахманбердиев Мұсабек (1951-1998) 10 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Шөл дала ауылында дүниеге келген. 1978 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын жұмысшы болып бастаған. Жамбыл ауданының «''Еңбек туы''» газетінде әдеби қызметкер, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және сауда істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, «''Қазақ әдебиеті''» газетінде бөлім меңгерушісі, «''Қазақстан''» баспасында бас редакторлық орынбасары, республикалық «''Телефильмде''» директор, Жамбыл облыстық радиотелевидение комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген.

«Қайырлы жол», «Құз, қия», «Жылы жел», «Қарқаралы» секілді көркем және деректі кітаптарды авторы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық – Алматы: “Ан Арыс” баспасы, 2009 жыл – 480 бет. ISBN 978-601-7130-43-5</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub