Мұрындық

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Мұрындық– 1) түйенің, өгіздің танауы арасындағы мұрын шеміршегін тесіп, көлденең өткізілетін жіңішке таяқша. Кептіріліп, майланған, мұқият сүргіленген ағаштан жасалады; 2) арбаның доңғалағы шығып кетпеу үшін белтемірдің ұшына көлденең өткізілетін шағын темір таяқ.