Мұрат Теңізбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Теңізбаев Мұрат (1905 – 1994) – балықшы. Маңғыстау өңірінде алғашқы колхоз ұйымдастырушылардың бірі. Гурьев (қазіргі Атырау) қаласындағы балықшылар курсын бітірген (1939). 1920 – 1933 жылдары «Фетисов» өндірісінде жұмысшы, дүкен меңгерушісі, жергілікті басқарманың төрағасы, 1934 – 1936 жылдары Тельман, Саржа, Калинин ұжымшары басқармасы төрағасының орынбасары, 1936 – 1938 жылдары республикалық тексеру статья (РКС) инспекторы, 1939 – 1940 жылдары Маңғыстау ауданы балықшылар одағы директорының орынбасары, 1940 – 1949 жылдары Ленин ұжымшары басқармасының төрағасы болды. Асыл тұқымды адай жылқысын өсіру фермасының ашылуына үлес қосқан.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub