Мұрат Сыздық
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сыздық Мұрат (1956, Алматы – 1996) – жазушы, журналист.
- Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1979).
- «Шу өңірі» аудандық газетінде тілші болып жұмыс істеген.
- Жамбыл облыстық «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») газетінің бөлім меңгерушісі
- Жамбыл облыстық партия комитетінің нұсқаушысы
- республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі
- Баспасөз министрлігінің баспа бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
- 1996 жылы дейін Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы болды.
Шығармалары
- «Әйбат бала»
- «Қуатым менің» атты кітаптары жарық көрген.
Сыздықтың шығармалары оқырмандар, әдебиет сыншылары тарапынан жоғары бағаланды.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/>