Мұрат Абдиримұлы Ахмадиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Мұрат Абдиримұлы Ахмадиев.JPG
Мұрат Абдиримұлы Ахмадиев

Мұрат Абдиримұлы Ахмадиев - 1950 жылы 12 қаңтарда ҚХР-да туған. Үйғыр.

Әкесі - Ахмиди Абдирим (1927-1999), Өзбекстанның Халық әртісі. Анасы - Зайнахунова Тұранқыз (1932-2004). Құрманғазы атындағы Апматы мемлекеттік консерваториясының хор дирижері факультетін бітірген (1975), дирижер, музыкалық жетекші.

Үйғыр, қазақ және орыс тілдерін біледі.

1971 жылдан - Қ. Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының солиствокалисі. 1984 жылдан - Қ. Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының директоры. 2007 жылдан бері - Қазақстан Халқы ассамблеясынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1984-1986, 1987-1990). 2007 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылымның депутаты.

1984 жылы «Қазақ ССР», 1998 жылы «Қазақ Республикасының халық әртісі» құрметтік атақтарына ие болды, 2005 жылы «Құрмет» және 2010 жылы «Парасат» ордендарымен марапатталды.

2002 жылдан бастап Еуропа университетінің өнертану құрмет докторы. Қазақстан халқы Ассамблея Кенесінің мүшесі.

Діни көзқарасы - мұсылман.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Хоббиі - спорт, футбол.

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи романдар.

Үйленген, бес бала тәрбиелейді. Жұбайы - Тұрдиева Гүлбахрам, Қ. Қожамияров атындағы Мемлекеттікреспубликалықұйғыр музыкалықкомедия театрының балет әртісі. Ұлдары - Ахмадиев Дилшат, Ахмадиев Абдирим, Ахмадиев Диас; қыздары - Ахмадиева Дилназ, Ахмадиева Малика.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Сілтемелер

Мәжілістің құрамы мен құрылымы, АХМАДИЕВ Мурат Абдуреимұлы

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}