Мұратбаев ескерткіші

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұратбаев ескерткіші – монументті өнер туындысы. 1975 жылы Қызылорда қаласында Қазақстан мен Орта Азиядағы жастар қозғалысының көрнекті қайраткері Ғ. Мұратбаевқа орнатылған. 2002 жылы маусым айында 100 жылдығына орай қайта өңделіп, темір жол вокзалы алдындағы алаңға ауыстырылды. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 5 м. Мүсіннің биіктігі – 2,5 м, тұғырдың биіктігі – 1,85 м. Тұғыры бетоннан жасалып, оның сырты ақ мрамор плиталармен қапталған. Авторлары: сәулетшілер: Сапарғалиев, Ускова.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы"

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұратбаев ескерткіші|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}