Мұнай (және газ) қорларын есептеудің көлемдік-тектік әдісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнай (және газ) қорларын есептеудің көлемдік-тектік әдісі. Мұнайлы алаңдарда мұнай және газ қалыптасу масштабын сандық тұрғыдан бағалау шараларына негізделген әдіс. ("Мұнай жинақтау алаңы" мақаласын қараңыз). Оның көмегімен нашар зерттелген және мұнайдың және газдың өндірістік корларына деген мүмкіндігі әзір дәлелденбеген алқаптар мен аудандардың болжамдық қоры (Д категориясы) есептеліп шығарылады. Мұнай және газ қорларының нақтылы ауданға тиесілі меншікті тығыздығының (т/км2 өлшемімен) және өнімділік коэффицентінің (сол аудандағы шөгінді түзілімдердің, т/м3 өлшемімен) сандық көрсеткіштері екі түрлі тәсіл көмегімен — көлемдік-тектік және көлемдік-статистикалық — тәсілдермен анықтала алады. Көлемдік-тектік тәсіл болжам ауданындағы, алқабындағы, алабындағы таужыныстарды геологиялық-таушайыртанымдық тұрғыдан зерттеуге, ал көлемдік-статистикалық тәсіл зерттеліп отырған ауданға ұқсас өзге түзілім алаптарына тән дүниежүзілік орташа көрсеткішті пайдалануға негізделген.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұнай (және газ) қорларын есептеудің көлемдік-тектік әдісі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}