Мұнай өнеркәсіптік геология

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнай өнеркәсіптік геология. Мұнай геологиясы мұнай өнеркәсіптік ғылымының саласы. Мұнай және газ кендерін барлау және игеру мәселелерінің баршасын қамтиды. Оларға жататындар: ұңғымаларды бұрғылау процесін геологиялық ұрғыдан қамтамасыз ету; кеннің геологиялық құрылымын танып-білу; тереңірек орналасқан өнімді беткейлерді іздестіру және барлауды одан әрі жалғастырудың тиімді бағыттарын анықтау; мұнай және газ кіріктіруші-жинауыш құрылысын зерттеу және олардың физикалық қасиеттерін анықтау; қойнаулық жағдайдағы мұнай, газ және су шоғырларының физикалық-химиялық сипаттарын танып-білу; қойнаулық энергия (шоғыр режимі) табиғатын зерттеу; мұнай мен газ қорларын есептеу т.с.с. Жерастылық гидравлика және салалық экономика ілімдерімен бірлесе отырып мұнай өнеркәсіптік геология нақтылы мұнай және газ кендері мен шоғырларын табысты игеру жүйелерін жобалаудың негізін құрайды, жекелеген ұңғымаларды және бүкіл шоғырды игерудің дұрыстығын ұдайы бақылап отырады, сөйтіп ол бүкіл мұнай және газ өндіру жүйесін тиімді жоспарлап отыруға мүмкіндік береді.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұнай өнеркәсіптік геология|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}