Мұнай қорларын есептеудің көлемдік әдісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнай қорларын есептеудің көлемдік әдісі. Мұнайлы қойнауқаттың геометриялық пішім ерекшеліктерін және оның кеуектілігі, мұнаймен қанығу дәрежесі, мұнайдан аласталу мүмкіндігі (қойнауқаттан мұнайды өндіріп алу мөлшері) жайлы деректерді пайдалануға негізделген әдіс. Қойнауқат көлемі мұнаймен қаныққан қойнауқат ауданын сол қойнауқаттың тиімді калыңдығы мөлшеріне көбейту арқылы анықталады. Бұдан кейінгі есептеулерге мұнайды кіріктірген таужыныстардың кеуектілік коэффиценті, қойнауқаттың мұнаймен қанығу, оның бойынан аласталу және отыру коэффиңенттері, сол сияқты мұнайдың меншікті салмағының мөлшері, т.с.с. деректер енгізіледі. Аталған коэффиценттердің, әсіресе қанығу және аласталу коэффиценттерінің, сандық мөлшерлерін анықтау ұңғыма оқпанынан арнайы бұрғылау тасбағандарын алуды және оларды зертханалық жағдайда өте ыждағатты зерттеуді қажет етеді.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}