Мұнай мен газ қорларын есептеу әдістері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнай мен газ қорларын есептеу әдістері - мұндай әдістер көптеп саналады. Мәселен, Мұнай кенорнының қорын анықтауда төмендегі әдістер қолданылады: 1) көлемдік әдіс; 2) Мұнай алабының 1 га немесе 1 м2 ауданы беретін Мұнай қорын есептеу әдісі; 3) көлемдік-тектік әдіс; 4) игеру қисық сызықтары, немесе көлемдік-статистикалық әдіс; 5) материалдық теңдестік әдісі; 6) изобаралар картасы әдісі. Газ кендері қорын анықтау әдістері: 1) көлемдік әдіс; 2) қысымның төмендеуін қадағалау әдісі; 3) материалдық тевдестік әдісі; 4) изобаралар картасы әдісі. Мұнай және газ қорларын анықтаудың ең басты әдісі - көлемдік әдіс. Оның көмегімен жер қойнауындағы (кенорыңдағы) Мұнай мен газдың геологиялық қоры (бүкіл қоры) және өндірістік қоры (кәделі қоры) анықталады. Іс-тәжрибеде бұл қорлардың бір бөлігі ғана игерілуі мұмкін, сондықтан, бүгінгі техникалық-экономикалық жағдайлар мұмкіндігін ескеру мақсатында, қорларды есептеу формулаларына алаптың Мұнай (газ) беру мұмкіндігі коэффиценті енгізіледі.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}