Мұнай мен газ кенорындарының суы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнай-газ кенорындарында мұнай мен газ жер асты суымен бірге орналасады. Мұндай жағдайда олар тығыздығы бойынша табиғи жіктеледі (сепарацияланады), яғни газ ең жоғарғы жағына орналасады,одан төмен қабаттың мүнайға қаныққан бөлігі, ал ең астында - сулы қабат жатады. Қабаттың бұл бөлікшелері бір-бірінен шартты түрде газ-мұнай жапсары (ГМЖ) мен су-мүнай жапсары (СМЖ) беттері арқылы бөлінеді. Газ, мұнай мен суды табиғи жіктеуге олардың жоғарыда айтылғандай қабілеті, мұнай мен газдың табиғи жағдайда арнайы тұтқыштарда орналасуы себеп болады. Ең көп таралғаны құрылымдық типті тұтқыштар, яғни қабаттардың өтімсіз таужыныстармен жабылған дөңес иілімдері Мұнай-газ кенорындарының қабаттық суы М.А. Жданов және т.б (1966 ж) бойынша, мүнай жатынына немесе мұнайлы қабатқа қатысты бірнеше түрлестерге бөлінеді:

  • 1) төменгі шетіндегі су мұнайлы қабаттың төменгі бөліктерінде орналасып, мұнайлы жатынды астынан кернеп тұрады;
  • 2) табандық су барлық құрылым ауқымында, оның дөңес бөлігін қоса алғанда, мүнайлы қабаттың төменгі, табандық бөлігінде орналасады;
  • 3) аралық су сулы қабаттарда немесе біреге мұнай өндіру нысаны болып табылатын мұнайлы қабаттын қабатшаларында болады. Жоғарғы су мұнай жатынының үстінде жатқан таза сулы қабатта, ал төменгі су мұнай жатынының астындагы таза сулы қабатта орналасады.

Типтері

Мұнай кенорындарында оқшауланған газ жатындары мен жер асты суының көптеген типтерінің болуы мұнай, газ бен судың арасындағы жапсарлардың әртүрлі жағдайына да әкеледі. Атап айтқанда, төменгі шеткі су үшін мұнай-газ жапсарының жағдайы екі -сыртқы және ішкі контурмен анықталады. Сыртқы контур мұнайлы қабаттың жабыны бойынша, ал ішкісі - табаны бойынша жүргізіледі. Мұнайлылықтың ішкі және сыртқы контурларының арасында орналасқан қабат бөлігінің жоғарғы жағында мұнай, төменгі жағында су орналасып, ол контур маңы белдемі деп аталады.

Тақырыпқа байланысты

<ref>Байбатша Ә.Б.Жалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық.Алматы: ҚазҰТУ. -364 б. Сурет- 132. Кесте-30. Әдебиеттер тізімі 15 атay. ISBN 987-601-228-001-2</ref>

Дереккөздер

<references/> География

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}