Мұнай мен газға деген бұрғылау ұңғымаларындағы зерттеулер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнай мен газға деген бұрғылау ұңғымаларындағы зерттеулер. Ұңғыма бұрғылау барысында жүргізілетін зерттеулер кешені. Бұл зерттеулердің мазмұны ұңғыманың бұрғылану мақсатына (тіректі, күрылымдық, параметрлік, іздеу, барлау, игеру, бақылау, т.б. ұңғымалары) байланысты, ол нақтылы ұңғыма үшін алдын-ала бекітілген геологиялық-техникалық нарядқа сәйкес жүргізіледі. Мұнай мен газ кенорындарын іздеу және барлау ұңғымаларын бұрғылау барысында төмендегі зерттеу түрлері жүргізіледі:

а) ұңғыманың бұрғылануы табысты болуын қамтамасыз ететін техникалық зерттеулер (механикалық каротаж, үраметрия, ұңғыманың қисаю дәрежесін өлшеу, жуғыштау ерітіндісінің тығыздығы мен қасиеттерін қажетті қалыпқа келтіру); ә) ұңғыма оқпанының қимасын тұрғызу (ұңғыма оқпанынан бұрғылау тасбағанын алу, электрлік каротаж және сынамалау деңгейлерін анықтау, газдық каротаж, бұрғылау шламын алу); б) қойнауқатты тесіп өту және оны әр түрлі әдістер көмегімен сынамалау шараларын жүзеге асыру.

<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}