Мұнай және газ тұтқыштары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Мұнай және газ тұтқыштары. Мұнай немесе газ шоғырларын өз бойына тұтып калуға қабілетті барша тау жыныстарының жиынтың атауы. Түрлері:

  • 1. Антиклинальдың шоғыр (мұнай мен газдың, койнауқаттардың күмбезделген, қатпардың гипсометрлік тұрғыдан ең биік бөлігін иемденуі);
  • 2. Литологиялық шоғыр (өтімді жыныстардың сүйірлене құрдымдалуы);
  • 3. Стратиграфиялық шоғыр (өтімді жыныстардың өздерінен көрі жастау, нашар өтімді тау жыныстары қабатымен нақтылы бұрыш арқылы қиыла көмкерілуі);
  • 4. Тектоникалық қалқаланған шоғыр (өтімді қойнауқаттың өзінен көрі көнелеу немесе жастау) нашар өткізетін тау жыныстарымен дизъюнктивті бұзылыс арқылы жапсарласуы;
  • 5. Өздігінен бастырылған шоғыр (өтімді қойнауқат беткейінің табиғи таушайырымен бастырылуы);
  • 6. Гидродинамикалық қалқаланған шоғыр (жылжып келе жатқан мұнай және газ массалары қозғалысына қарама-қарсы бағытта өрбіген су ағымдарының әсерінен туындаған қысымның кедергі келтіруімен, сөйтіп су-мұнай немесе газ-су жапсарлары жазықтығының еңістенуін қамтамасыз етіуімен сипатталатын жерасты суының гидродинамикалық әсері).<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. 2000 жыл. — 328 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub