Мұнай және газ геологиясындағы баламалау әдісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнай және газ геологиясындағы баламалау әдісі (Үлгі:Lang-ru) — кез келген нашар зерттелген алаптың (аумақтың) мұнай мен газға деген мүмкіндіктерін сандық және сапалық тұрғыдан бағалау және болжау мақсатында қолданылатын әдіс. Бұл әдіске сәйкес, енді-енді ғана зерттеле бастаған түзілім алабының түрлі-түрлі сипаттарын бұрын жақсы зерттелген мұнайлы (газды) алаптағы ұқсас сипаттармен баламалай салыстыру нәтижесінде алдыңғы алаптың мұнай мен газға деген мүмкіндіктерін болжау шаралары жүзеге асырылады. Алайда балама теңдік емес екендігі белгілі, баламаға негізделіп жасалған тұжырымдардың шындыққа сәйкестік дәрежесі әлі де толық зерттеліп бітпеген мәселе.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}