Мұнайлы қойнауқатты сумен тоғыту

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнайлы қойнауқатты сумен тоғыту Мұнай жатынын игеру барысында сол жатындағы қойнауқаттық қысым мөлшерін қалыпты сақтау, сөйтіп мұнайдың бұрғылау ұңғымасынан атқылау кезеңін ұзарта отырып, неғұрлым көбірек мұнай өндіру мақсатында әдейі жасақталған тоғыту ұңғымасының оқпаны арқылы мұнайлы қойнауқатта су айдау процесі. Мұнайлы қойнауқатты сумен тоғыту жасанды түрде және табиғи түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Мұнайлы қойнауқатты жасанды түрде сумен тоғыту тәсілі жиірек қолданылады, бұл жағдайда су ұңғыма оқпанына жер бетінен айдалатын болады. Су айдау нүктесінің орнына байланысты шектеусырттық, шектеуіштік және шектеужиекті сумен тоғыту тәсілдері белгілі. Жарым-жартылай игерілген, жинауыштардың өтімділік дәрежесі нашарлау және қалдық сулармен қанығу дәрежесі де төмен, соңдықтан да алғашқы қойнауқаттық қысым мөлшері болымсыздана бастаған қойнауқат мұнайын өндіру қарқынын арттыру мақсатында әдетте ауқымды тоғыту (нақтылы аудан ауқымында бірнеше нүктелерден тоғыту) шаралары жүзеге асырылады. Табиғи тоғыту барысында мұнайлы қойнауқаттың үстінде және астында орналасқан сулы қайнауқаттар ұңғыманың иіегендеу тізбегін теспелеу көмегімен игерілу нысанымен жалғастырылады, мұның өзі сулы қойнауқаттан бөлінген арынды су массаларының мұнайлы қабатты тоғытуына, сөйтіп ондағы мұнай қорының көбірек ысырылып шығуына қол жеткізеді. Бұл жағдайда сулы қойнауқаттардағы қысым мөлшері яки олардағы судың арындылығы мұнайлы қойнауқаттың осы көрсеткішінен әлдеқайда артық болуы тиіс.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}