Мұнайлылық белгілер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнайлылық белгілер - Мұнай кенорындарының болуы мүмкіндігін білдіретін белгілер жиынтығы; "тікелей белгілер" және қосалқы белгілер" болып екі топқа жікгеледі. Тікелей белгілер: сұйық мұнайдың немесе мұнаймен қаныққан тау жынысытардың жер бетінен көрініс беруі; қатты түзілімдерінің (шайыртастардың, озокериттердің, кериттердің, антраксолиттердің) ашылымы; жанғыш газдың жер қойнауынан сыздықтай бөлінуі. Қосалқы белгілер: таушайыр кіріккен тау жынысы ашылымдарының ұшарасуы; жерасты суларының кейбір гидрогеологиялық көрсеткіштері (органикалық қосындылар, нафтенді ышқылдар, йодтың, бромның жоғарғы мөлшерлері); хлоркальцийлі және гидрокарбонат-натрийлі түрге жататын жерасты суларының жоғары дәрежеде минералдануы; сульфаттардың болмауы; карбонатты және химиялық шөгінділерде күкірттің болуы; түз күмбездеріне таесілі қалқатастарда туыңды карбонаттар мен күкірттің ұшырасуы. Кез-келген ауданда мұнайдың ешбір белгілері болмауы сол ауданда мұнай кенорындарын ашу мүмкндігін түгелімен жоққа шығармайды.

<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}