Мұнайлардың және табиғи таушайырлардың микроэлементтері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнайлардың және табиғи таушайырлардың микроэлементтері - Мұнайлар мен таушайырлардағы ұйірімділігі 0,5 %-дан аз химиялық элементтер. мұндай элементтердің 40-қа жуық түрлері белгілі, олар металдар (V, Ni, Ғе, Сu, Мn, Ті, Co, Cr, Ва, Sr, Pb, Hg, Mo, U, т.б.) және бейметалдар (Br, I, CI, т.б.) болып табылады. Кейбір микроэлементтердің ауыр Мұнайлар мен таушайырлар құрамындағы мөлшері оларды игеруге жеткілікті болуы да ықтимал (мысалы, V, Ni, Hg, U, т.б.). мұндай кенорындар кешенді кенорындар, яғни Мұнайлы-металды кенорындар санатына жатқызылады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}