Мұнайдың (газдың) шомбал жатыны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнайдың (газдың) шомбал жатыны Мұнай (газ) жатынының тұтқышы рөлін құрамы жағынан әр түрлі және әр текті, бірақ мұнай (газ) массаларын өз бойынан өткізуге қабілетті таужыныстардың жиынтығы атқарған, бірақ аталған жиынтықтың беткі өңірі мұнай (газ) өткізбейтін түзілімдермен көмкерілген жағдайда қалыптасатын жатын түрі. Мұнайдың (газдың) шомбал жатынында газ, мұнай және су қабаттарының бір-бірімен жапсарласу жазықтықтары көлбей бағытталған, олардың тұтқыш таужыныстарға тиесілі қат-қабатталу жазықтықтарына сәйкес келуі шарт емес. Сөз болып отырған шоғырлардың мұнайдың (газдың) қойнауқаттық жатынынан айырмашылығы да осында.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}