Мұнайдың (газдың) туынды жатыны
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнайдың (газдың) туынды жатыны Өзінің алғашқы қалыптасу өңірінен өзге өңірлерге жылыстауы нәтижесінде жинақталған мұнай (газ) жатыны. Жалпы алғанда кез-келген мұнай (газ) жатыны, тіпті ол түпнегіз таужыныстың қимасыңда қалғанның өзінде де, туынды жатын қатарына жатқызылуы тиіс, себебі шын мәніндегі жатындардың қалыптасуы үшін мұнай тамшылары бір-бірімен біріге отырып ірілене түсуі, яғни олар міндетті түрде жылыстау процесін бастан өткеруі тиіс.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify