Мұнайгазды алқап

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнайгазды алқап - көбінесе аймақтық масштабтағы геологиялық нысандарға сәйкес келетін және бір-біріне іргелес мұнайгазды аудандар мен белдемдерді біріктіретін мұнайгазды провинцияны мұнай геологиясы тұрғысынан аудандастыру бірлігі. Мұнайгазды алқап өз ауқымындағы аудандар құрылысының, оларда мұнай мен газ қалыптасуының және жинақталуының, сол сияқты аталған аудандардың шөгінді тыс қалыптасуы кезіндегі геологиялықдаму тарихының ортақтығымен сипатталады. Мұнайгазды алқаптарды даралау барысында ең алдымен мұнайгазды провинцияның тектоникалық ерекшеліктері (қүрылымдық дербестігі, шөгінді түзілімдерінің көлемі, масштабы т.с.с.), ал екінші кезекте оның геохимиялық және литологиялық сипаттары (тау жыныстары мен шашыранды органикалық заттардың өзгерістері жайлы деректер алуға көмектесетін түзілімдер қалындығы, фациялық сипаттары т.с.с.) сарапталады. Мұнайгазды алқап ішінде алаптық алқаптарды (синклинорийлерді, ойыстарды, ойысымдарды, яғни көмірсутектердің туындау алқаптарын) және алапаралық алқаптарды (дөңестерді, бел-белестерді, яғни көмірсутектердің шоғырлану алқаптарын) жекелеуге болады. Мұнайгазды алқаптардың мұнай мен газ кіріктіруін тектоникалық тұрғыдан қадағалау мүмкіндігі толықтай жүзеге асқан жағдайда олардың шекаралары аймақгықкөтерілімдердің ең көтеріңкі бөлекшелері арқылы (мәселен, көміліп қалған суайырықгар арқылы), немесе аймақтық ойыстардың ең түсіңкі өңірлерінің өстік сызығы арқылы (мысалы, тальвегтер арқылы) жүргізіледі. Аталған шекараларды аймақгық көтерілімдердің баурайлары арқылы да жүргізуге болады, бұл жағдайда мейілінше түсіңкі бөлекшелер (алаптар) және оларды бір-бірінен бөлетін біршама көтеріңкі бөлікшелер (алапаралық өңірлер) дараланатын болады. Соңғы тәсіл бүкіл мұнайгазды алқап аумағындағы мұнайдың немесе газдың қоры біркелкі өңірлерді жекелеп қарауға мүмкіндік береді. Мұнайгазды алқап мысалдары ретінде Ферғана, немесе Париж мұнайгазды алқаптарынын, немесе өзіміздің Каспий маңы мұнайгазды алқабын атауға болады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}