Мұнайгаздылық белгілер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнайгаздылық белгілер - Мұнай және газ кіріктіретін геологиялық нысандардың оларды кіріктірмейтін нысандардан барша айырмашылықтарының жиынтығы; "тікелей белгілер" және "қосалқы белгілер" болып екіге бөлінеді. Мұнай және газ кіріктірудің тікелей белгілері қатарына жататындар: мұнай және газ білінімдерінің жер бетінен көрініс беруі; тау қазындыларынан (ұңғымалардан, шахталардан, тікқазбалардан т.б.) мұнай және газ белгілерінің байқалуы; таужыныстардан таушайырлардың, қойнауқаттық сұмардан сұйық және газ түріндегі көмірсутектердің, ал қойнауқаттық газдардан жоғарғы дәрежелі гомологтары мол ауыр көмірсутектердің ұшырасуы. Мұндай белгліермұнай және газ кенорындарын іздеуде өте маңызды. Солай бола тұрса, да тікелей белгілер геологиялық нысанның мүнай және газ кіріктіру мүмкіндігін сандық тұрғыдан бағалауға жарамсыз. Косалкы белгілер - геологиялық нысандардың, салыстырмалы түрғыдан немесе теориялық тұрғыдан негізделген зандылықтарға сәйкес, өз қойнауларында мұнай және газ жатындары болуы тиіс екендігін көрсететін құрылыс және даму ерекшеліктері. Геологиялық нысандардың масштабы мен типіне 􀀃арай, қосалқы белгілер рөлін аталған нысандардың құрылысы мен дамуының әр түрлі сипаттары атқаруы ықтимал. Әдетте мұнай мен газ кіріктірудің қосалқы белгілері тектоникалық, геохимиялық гидрогеологиялық белгілер болып үш түрге бөлінеді. Сонымен, қосалқы белгліер қатарына жататындар: нысанның платформалық алқапқа қарастылығы; шөгінді түзілімдер қалыңдығының айтарлықтай қалың болуы; геологиялық қима құрамында түпмұнайлы (түпгазды) свиталардың болуы; су алмасу процесінің қиынға соғуы; мұнай және газ түтқыштарын кіріктіруі мүмкін антиклин құрылымдардың және өтімді қабаттардан тұратын сүйірлене тамамдалу белдемдерінің болуы; жинауыштардың қайтадан өзгеруі болымсыз болуы; аймақтық және жергілікті деңгейдегі жапқыштардың жақсы жетілуі т.б. Аталған белгілер мұнай және газ жатындарының болу мүмкіндігін топшылауға ғана мүмкіндік береді. Мұнай мен газ жатындарының болу мүмкіндігін көрсететін қосқалқы белгілер өздері көрініс берген нысанның мұнай және газ кіріктіруге деген сандық сипатын шамалауға қолданылады.

<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}