Мұнайгаздылықты геологиялық баламалау негізінде болжау әдісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнайгаздылықты геологиялық баламалау негізінде болжау әдісі. Нақтылы өңірдің зерттелмек бөлікшесі мен бұрын жақсы зерттелген төлнұсқа бөлікшені геологиялық тұрғыдан бір-бірімен салыстыра сараптауға негізделе отырып, сол зерттелмек бөлікшенің мұнай мен газға деген мүмкіндіктерін сандық тұрғыдан бағалау әдісі. Сөз болған екі бөлікшенің өздеріне тән ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сараптау төлнұсқа бөлікшенің мұнаймен және газбен қанығу дәрежесі зерттелмек бөлікшенің де осы көрсеткішіне ұқсас деп топшылауға мүмкіндік береді. Бұл орайда сараптау немесе математикалық талдау көмегімен анықталған екі бөлікшенің бір-бірінен айырмашьшығы баламалау коэффиценті көмегімен ескеріледі. Әдіс "кенорын қорының орташа тығыздығы" немесе "орташа көрсеткішке келтірілген кұрылым қоры" деген түсініктерді пайдаланады. Бірінші жағдайда зерттелмек бөлікшенің қоры Q=ҒgК немесе Q=Fg'K теңдеулері көмегімен анықталады, бұл тендеулердегі: Q - зерттелмек бөлікшедегі кенорын қоры; Ғ — сол бөлікшенің ауданы; V - сол бөлікшеге тиесілі таужыныстардың көлемі; g -төлнұсқа бөлікшенің аудан бірлігіне шаққандағы қорының тығыздығы; g — төлнұсқа бөлікшенің көлем бірлігіне шаққандағы қорының тығыздығы; К — баламалау коэффиценті. Екінші жағдайда зерттелмек бөлекшенің кенорын қоры Q=gnКуК теңдеуі көмегімен анықталады, мұндағы: — зерттелмек бөлікшедегі кен қоры; n — сол бөлікшедегі құрылымдар саны; g — төлнұсқа бөлікшенің бір ғана кұрылымына тиесілі кен қоры; Ку — төлнұсқа бөлікшені барлау табыстылығының коэффиценті; К — баламалау коэффиценті.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}