Мүсәтір
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мүсәтір, аммоний хлориді, NH4Cl – түссіз, суда жақсы еритін кристалды зат; тығызд. 1,53 г/см3. Қыздырғанда балқымай ыдырайды: NH4ClNH3+HCl. Мүсәтірді аммиак ерітіндісіне тұз қышқылымен әсер ету арқылы алады. Мүсәтір артық мөлшердегі хлормен әлсіз әсерлесетін дақыл (қант қызылшасы, күріш, жүгері) егілетін, бейтарап және сілтілік топырақтарға арналған азот тыңайтқыштары (25%-ға дейін N) ретінде, гальваник. элементтер өндірісінде, медицинада қолданылады. <ref>"Қазақ энцклопедиясы - VI"</ref>
Пайдаланған әдебиет
<references/>