Мүрде температурасы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мүрде температурасы (ағыл. temperature of corpse; нем. Leiclientemperatur f; лат. temperatura - қалыпты жағдай) - Өлім келген уақытты анықтау үшін негізгі түрде сот медицинасы мен криминалистикада пайдаланылатын көрсеткіш.
Өлім келген сәттен кейін мәйіттің терісінің үстінгі қабаты мен ішіндегі температура бірте-бірте қоршаған ортаның температурасы мен теңеле бастайды және т.б. Мәйітгін беті, аяғы мен қолдары 1-2 сағаттан кейін мұздайды; 3-4 сағаттан соң киім астындағы дененің сууы байқалады.
Орташа мөлшерде мәйіттің температурасы сағатына 1°С жылдамдықпен төмендейді.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:Stub:Заң