Мың үй

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мың үй – ҚХР-дың Шыңжаң өлкесіндегі буддалық діни-ғұрыптық ғибадатханалар кешені. ұибадатханалар өзен жағалауларындағы биік жарқабақ-жартастарға үңгір іспетті қазылған. Мұндай үңгір-ғибадатханалар салу өнері ең алғаш Солтүстік Үндістанда (Ауғанстан, Пәкстан) Кушан патшалығы тұсында пайда болды, ал Шығыс Түркістанда будда дінімен бірге таралды. “Мың будда” ұғымына байланысты ұйғырша “Мың үй” аталып кеткен. Алғашқы Мың үй 3 ғасырда салынып, 4 – 5 ғасырларда “Мың үйлік” діни-сәулет өнері ерекше дамыды. Ең ірі және ең көне (3 ғасырдың соңы) Мың үй ғибадатхана кешені – Бай ауданындағы қызыл Мың үйі. Онан кейінгілері қатарында Күшәр ауданындағы Құмтұра, Сімсім және Қызылқарға Мың үйлерін атауға болады. Тұрфан аймағындағы ірі Мың үй – Тұйық мазар және Безеклік Мың үй ғибадатханаларының ішкі құрылымы күрделі. Көбіне орталық тұсында тіреу-бағаналар орнатылып, бөлме-бөлмеге бөлінген үңгірлер Сакия Муни мен Пусар мүсіндерін қоюға арналды. Мың үй уағыз айтуға арналған, мінажатхана мен монахтар тұратын бөлмелерден тұрады. ұибадатхана ішінде түрлі мүсіндермен бірге қабырғалары мен түңліктеріне түрлі-түсті бояулармен алуан суреттер, атап айтқанда Сакия Мунидің өмірі (Жатака), будда ном-бітіктеріндегі діни аңыздар мен хикаялар, пусалар мен тақуа діндарлардың (доногорлар) бейнелері, тағы басқа нақышталып салынды, кей тұстарында діни мәтіндер де жазылды. Мың үй ескерткіштерінің орта ғасырлардағы түркі тектес халықтардың сәулет өнерін, діни және зайырлы өмірін, дүниетанымы мен өлы Жібек жолындағы мәдени-рухани байланыстарды зерттеуде маңызы зор. Ескерткіштер қазір мемл. деңгейде қорғауға алынған, оларды зерттеумен арнайы айналысатын ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істейді. <ref>"Қазақ энцклопедиясы - VI"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мың үй|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}