Мысық немесе сібір сорғышы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Opisthorchis viverrini 2.jpg
Мысық немесе сібір сорғышы

Мысық немесе Сібір сорғышы (Үлгі:Lang-la)- описторхоз ауруын қоздырушы паразит. Ол адамдар мен үй жануарларының бауырында, өт қабында, ұйқы безінде кездеседі. Описторхоз негізінен сібір өзендерінің жағалауындағы аударда кең тараған.

Морфофизиологиялық ерекшеліктері

Сібір сорғышының денесінің ұзындығы 4-13мм. Денесінің ортасында тарымдалған жатыр, содан кейін дөңгелек аналық безі және денесінің артқы бөлімінде екі аталық безі орналасқан.

Тіршілік циклы

Мысық немесе сібір сорғышының түпкілікті қожайыны болып адамдар және балықтармен қоректенетін жыртқыш сүтқоректлер саналады. Ішінде мерацидийі бар жұмыртқа суға түседі, оны молюск жұтса оның ішегінде жұмыртқадан мирацидий шығады. Бауыр жасушаларында мирацидий спороцистаға айналады. Спороцистада партеногенез жолымен редий, ал одан церкариялар дамиды. Церкарий моллюскі денесінен суға өтеді де балық денесіне енеді. Балық денесінде ол теріасты жасушаға және бұлшықеттерге өтіп, қос қабықшамен қапталып метацеркарияға айналады. Егер түпкілікті қожайындар піспеген балық етін жесе паразиттің метацаркарийін жұтады, ал ол асқорыту жолында қабықшадан босанып өт жолына, бауырға енеді де ересек формаға маритаға айналады. Сонымен, сібір сорғышының дамуына 2 аралық қожайын алмастыру арқылы жүреді. Оның біріншісі үшін инвациялық сатысы- жұмыртқа, екіншісі балық үшін церкарий; ал түпкілікті қожайын үшін метацеркарий саналады.

Патогендік әсері

Описторхоз қатал ауру, ол кейде дүние салуға алып келеді. Паразиттредің көптеп жиналуы өттің ағуын болдырмайды, бауыр циррозына алып келеді. Ауруды анықтау фекалияны микроскоп арқылы зерттеумен шектеледі.

Алдын алу шаралары

Балықты жақсы пісіріп не қуырып жеу және санитарлық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.

Дереккөздер

<references/>

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  • "Медициналық биология және генетика"/Бас редактор С.А.Әбилаева, Е.О.Қуандықова- Алматы-Шымкент, 2004

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мысық немесе сібір сорғышы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}