Мырзағалиев Қайролла Мырзағалиұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мырзағалиев Қайролла Мырзағалиұлы (1926-1998) – Атырау облысы Ганюшкин елді мекенінде дүниеге келген. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

Ұлы Отан соғысының ардагері. Соғыстағы ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен және Отан соғысының 1-дәрежелі медалімен марапатталған.

Еңбек жолын 15 жасында аудандық баспаханада әріп теруші, баспагер болып бастаған. Соғыс жылдарында майдандық газет баспаханасын ұйымдастырып, жауды жеңуге қаһарлы сөзбен үлес қосқан.

Қ.Мырзағалиев 1948 жылы елге аман-есен оралған соң соғысқа дейін өзі істеген баспаханаға жұмысқа орналасты. Ұзақ жылдар (1947-1958 жылдары) «Балықшылар үні", «Красный Каспий» газеттері басылып шығатын баспахана директоры қызметін атқарды. «Теңіз (қазіргі Құрманғазы) ауданының алғашқы полиграфисі» деген атақты иемденген.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}