Мырзағалиев Шамшиддин Нұржанұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мырзағалиев Шамшиддин Нұржанұлы (1922, Сасықтау пос. Орда ауданы БҚО-1942, Ұлы Отан соғысы майданында), аса талантты ш-тшы, респ-ның 1938-40 жылдарғы ч-ны. Ш-тпен айналысуды 1935 ж. Ж-шы И.Левшиннің қолында бастады. 1938 ж. Орал қаласындағы N4 орта мектептің 8-ші сыныбында оқып жүрген. Қарағанды қаласында өткен респ-ның ч-тында жеңіске жетті. Келесі 1939 жылы Шымкент қ-сында өткен ч-тта шымкенттік К. Кохановпен 15 мүмкіншіліктен 10,5 ұпай жинап 1-2-орындарды бөлісті. Келесі 1940 ж. Алматыда өткен VI ч-тта үшінші рет ч-ндық атақты жеңіп алды. 1940 ж. армия қатарына шақырылып Еңбек Қызыл Ту орденді Балтық дивизиясының құрамында әскери борышын өтеді. Оның ойнаған кейбір партиялары К. Кохановтың жеке мұрағатында сақталған. Орал қ-сында М. атындағы ш-т клубы бар, жыл сайын талантты ойыншыны еске түсіруге арналған респ-лық турнир Орал қаласында өтіп тұрады.

<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мырзағалиев Шамшиддин Нұржанұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}