Мылқау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мылқау – естімейтін және сөйлей алмайтын адам. Кейбір жұқпалы аурулар (менингит, грипп, тағы басқа), құлақ ішінің, есту жүйкесінің қабынуы салдарынан іштен туа бітуі не жүре келе пайда болуы мүмкін. Егер жас бала тілі шыға бастағанда әр түрлі жұқпалы аурулар салдарынан кереңдікке шалдықса, ол бірлі-жарым үйренген сөзін де айта алмайды. Мылқау адам айналадағы құбылысқа бейімделгіш келеді. Олар ымдап, қол қимылдарымен сөйлеуге үйренеді. Мылқауды емдеу көбіне сәтті шықпайды. Оны емдеу шаралары баланың жас кезінде басталуға тиіс. Мылқау балалар арнайы мектептерде оқытылады. Мұндай мектептерде Мылқау балаларға арнаулы тәсілдерді пайдаланып, аздап сөйлем құрауға, оны ерін қимылынан түсінуге үйретеді; олар мектепте жалпы білім алады және кәсіптік еңбекке дайындықтан өтеді. <ref>"Қазақ энцклопедиясы - VI"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мылқау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}