Мылтықбай Ерімбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мылтықбай Ерімбетов 1956 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында, Жетісайда туған. 1977 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын Өзбекстандағы Мырзашөл аудандық «Достық» қазақ газетінде бастап, тілшіден редакторлыққа дейін істеді. 1982 жылдан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің кітап насихаты бөлімінде аға редактор, 19851995 жылдары «Парасат» («Мәдениет және тұрмыс») журналында бөлім меңгерушісі. 1995 жылдың тамыз айынан шығармашылық жұмыста.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Шығармашылығы

  • «Балқаймақ»,
  • «Отырар төбе»,
  • «Айналайын анашым»,
  • «Бастау»,
  • «Қос өрім»,
  • «Мырзашөл»,
  • «Маржан тас»,
  • «Баспалдақтар»,
  • «Көзайым»,
  • «Жүрекжарды»,
  • «Бір нәзік сәуле»,
  • «Жеті сері» өлең кітаптарының.

Тарихи тақырыптағы

  • «Аманат»,
  • «Қоңырат руларының шежіресі және оған қатысты әңгімелер»,
  • «Көкпаршылар»,
  • «Бай болғың келе ме?».

Очерктер топтастырылған

  • «Топжарғандар»,
  • «Халық қалаулылары»,
  • «Ат — ердің қанаты»,
  • «Ауылым — әнім» сияқты кітаптардың авторы. Кейбір өлеңдеріне ән жазылған.

Жетістіктері

  • Шымкент облыстық комсомол сыйлығының,
  • «Жалын» баспасы сыйлығының, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}