Му’Ин Әд-Дин Натанзи

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Му’ин әд-Дин Натанзи (туған, өлген жылдары белгісіз) – 15 ғ-да парсы тілінде жазған тарихшы, Әмір Темір ұрпақтарының біріне арналған “Ескендір анонимі” (“Мунтахиб ат-тауарих-и Му’ини”) атты тарихи шығарманың авторы. Аты-жөніне қарағанда Исфахан уәлаятының Натанзи қыстағында (Иран) туған болса керек. Му’ин әд-Дин Натанзи жайлы мәлімет жоқтың қасы, сондықтан көп уақытқа дейін оның еңбегі авторы белгісіз шығарма саналып келді. Дәулет шаһ (Даулатшаһ) Самарқанди парсы әдебиетінің тарихы жөніндегі еңбегінде (1487) осы аталған шығарманың авторын анық көрсетіп жазған. Ол 1409 – 14 ж. Әмір Темір ұрпақтары билеген Иран мемлекетіндегі ғұламаларды атай келіп, “Мунтахиб ат-тауарих-и Му’инидің” авторы сол кездегі үздік ғалым екенін және сарай шежірешісі болғанын айтады. Му’ин әд-Дин Натанзи өз шығармасын 1413 – 14 ж. жазып бітірген. Бұл шығарма жайлы тұңғыш жазған В.В. Бартольд әуелде оның авторы Мусеви деп есептеген. Кейін ол Мусевидің еңбегі “Тарих-и Хайрат” деп аталатынын анықтап, Ескендірге арналған шығарманы “Ескендір (Искандер) анонимі” деп атауды ұсынды. 1927 ж. Бартольд автордың аты-жөнін (“Ескендір анонимінің анықтамасы” деген мақаласында), ал 1929 ж. шығарманың екі нұсқасы бар екенін (“Тағы да Ескендір анонимі хақында” атты мақаласында) анықтады. Му’ин әд-Дин Натанзи шығармасының 1-нұсқасының екі көшірмесі Ресей ҰҒА Шығыстану институтының Санкт-Петербург бөлімшесінде, Британ мұражайында және 2-нұсқасының бір көшірмесі Париждегі ұлттық кітапханада сақтаулы. Екінші нұсқасының үзінділерін Ж.Обен 1957 ж. Тегеран қаласында бастырып шығарды.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы
  • Бартольд В.В., Определение “Анонима Искендера”, Соч., т. 8, М., 1973
  • соныкі, Еще об “анониме Искендера”, т. 8, М., 1973

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Му’Ин Әд-Дин Натанзи|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}