Муссонды климаты

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Муссонды климатыЖер шарындағы атмосфераның муссондық айналымы аймағында болады.

Жыл бойы ылғалдылықтың күрт өзгеруімен ерекшеленеді. Муссонды климатқа құрғақ қыс пен ылғалды, жаңбырлы жаз тән. Муссонды климат Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның, Экваторлық Африканың тропиктік және субтропиктік белдемдерінде болады. Мысалы, үстінен үнемі муссон өтетін Мумбай (Бомбей) қаласында (Үндістан) қыста жауын-шашын мөлшері 3 – 8 мм-ден аспайды, ал жазда 610 мм-ге дейін көбейеді. Муссонды климат қоңыржай ендікте де байқалады.<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VI-том</ref> Тропиктік (экваторлық) муссондар климаты, субтропиктік муссондар климаты және қоңыржай ендіктердегі муссондар климаты болып сараланады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub