Мургаб өзені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Murgab.jpg
Мургаб өзені
Мургаб, Мұрғаб<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VI-том</ref> – Ауғанстан мен Түрікменстан мемлекеттері аумағында орналасқан өзен. Ұзындығы 978 км, су жиналатын алабының ауданы 46,9 мың км². Бастауын Гиндукуш тауының Сафедкох (Ферозкох) жотасының баурайынан алып, Түркістан жотасының оңтүстік беткейлерінен ағып өтеді.
Сурет:Gorskii 04414u.jpg
Мургаб өзені бойындағы СЭС, Түркменстан
Түрікменстан жерінде аңғары кеңейіп, солтүстікке қарай суару жүйесіне тарамдалған. Мары қаласының маңында Қарақұм каналымен қиылысады. Салалары: Абикайсор (оң), Кашан, Гушгы (сол). Орташа су ағымы 52 м³/с. Өзен қар, мұз және жер асты суларымен толығады. Наурыз-мамыр айларында су деңгейі көтеріледі, қыста қатпайды. Мургабта 6 бөген салынған. Суы жер суаруға пайдаланылады. Мургаб бойында – Иолотан, Мары, Байрам-Али қалалары бар. Мургаб антикалық замандағы авторлардан бастап тарихи деректерде жиі кездеседі. Көптеген зерттеушілер ежелгі Бактрия мен Маргиана аймақтарын (Әмудария мен Мургаб өзендерінің жағалауы) амюргий-сақтар (хаумаварга-сақтары) мекендеген деп топшылайды.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мургаб өзені|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}