Мунда тілдері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мунда тілдері (Munda languages) - Үндістан, Бангладеш және Непал тұрғындары сөйлейтін 17 тілден құралған топ, Мон-Кхмер тілдерімен бірігіп Аустроазиат тілдер тобын құрайды.<ref> "Britannica настольная энциклопедия"ТомI,АСТ-Астрель, Москва, 2006,ISBN 978-5-17-038532-4(Т.1) (АСТ),ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель)</ref>. Мунда тілдерінде 7 млн. астам адам сөйлейді; мунда тілінде сөйлейтіндер негізінен тау бөктері мен орман алқаптарын мекендеген. Аталмыш топтағы анағұрлым маңызды тілдің бірі – сантали, бұл тілде 4 млн. астам адам сөйлейді; бұл тілдің таралған аймақтары – Орисса үнді штаттары, Бихардың оңтүстігі мен шығысы, Бенгалияның солтүстік батысы мен Ассам және Непал штаттарымен шекаралас аймақтар.

Тағы басқа маңызды тілдердің бірі хо (Бихар және Орисса шт. шамамен 750 000 адам сөйлейді), мундари (Үндістанның солтүстік-шығысында шамамен 850 000 адам сөйлейді) және корку (немесе курку, мунда тілдері таралған батыс шекара болып табылады; Малья-Прадеш шт. оңтүстігінде және Махараштра шт. солтүстігінде сөйлейтін шамамен 320 000 адам) болып табылады.

Мунда тілдерінің басқа аустроазиаттық тілдерден ерекшелігі – «субъект – объект – етістік» («бастауыш – толықтауыш - баяндауыш») түріндегі сөйлемнің морфологиялық және синтаксистік бірізділігіне тән күрделілігі, ал көбіне басқа тілдерде «субъект – етістік – объект» тәртібі анағұрлым басым.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}