Мулхақат әс-сурах

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

“Мулхақат әс-сурах”<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VI-том</ref> (“Сурах сөздігіне қосымша”) – Шығыс Түркістан ғалымы Әбу-л-Фадл ибн әл-Қаршидің (лақап аты Жамал Қарши) 14 ғасырдың басында жазған тарихи-әдеби шығармасы. Шығармада тек шайқылардың өмірін сипаттайтын күлдіргі әңгімелер және басқа бірде-бір жазба деректерде кездеспейтін тарихи мәліметтер көп. “Мулхақат әс-сурахтың” Қарахан әулеті жайлы тарауы өте құнды. Онда бұл әулеттің Қашғар тармағының генеалогиясы мен Алмалықта 13 ғ-да билік еткен түрік әулеті туралы егжей-тегжейлі жазылған. Моңғол хандары мен олардың серіктері жайлы қызықты деректер бар. “Жете” (кейбір тарихшылар 15 – 16 ғ-ларда Моғолстан халқын осылай атаған) термині алғаш рет осы шығармада кездеседі. “Мулхақат әс-сурахтың” екі кітабы (толық емес) Ресей Ұлттық ғылым академиясының Шығыстану институты Санкт-Петербург бөлімшесінің қолжазба қорында сақтаулы.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub