Музыкалды нотация

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Музыкалды нотация (musical notation)- музыканың жазбаша, басылған немесе басқа визуалды көрінісі. <ref> "Britannica настольная энциклопедия"ТомI,АСТ-Астрель, Москва, 2006,ISBN 978-5-17-038532-4(Т.1) (АСТ),ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель)</ref>.Музыка жазуының екі негізгі бағыты бар— табулатура және символдық ноталау.

Табулатура (мысалы, гитара аккордтарының диаграммасы) орындаушының орындайтын әрекеттерін бейнелейді (атап айтқанда, белгілі бір дыбыс шығару үшін саусақты қоятын жерді көрсетеді). Символдық ноталау тон жоғарылығының белгілі бір әліпби әрпіне сәйкестігінен аталмыш ноталардың комбинациясын графикалық бейнемен бейнелеуге дейінгі әртүрлі тәсілдердің көмегімен жеке дыбыстарды сипаттайды.

Еуропа жүйесінде ноталау ырғақ бейнесі (нота бейнесінің детальдары оның ұзақтығын көрсетеді) дыбыс жоғарылығының бейнесімен (нота орналасқан күйпарақтағы немесе кеңістіктегі сызық) үндеседі. Демек, жеке символ жоғарылықты да, ұзақтықты да көрсетеді, ал сол символдардың бірізділігі мелодияны да, ырғақты да көрсетеді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}