Мраморный

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тау

Мраморный, М ә р м ә р л і – Асутау (Азутау) жотасының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі асу.

Географиялық орны

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Мойылды ауылының солтүстік- шығысында 8 км жерде орналасқан.

Жер бедері

Абсолюттік биіктігі 1371 м. Сәуір–қазан айлары аралығында Теректі және Ақжайлау ауылдарын асудағы қара жол байланыстырады. Мраморный бойынан Алқабек өзені ағып өтеді. Беткейлік шайылу, эрозиялық процестер дамыған. Асуда дала өсімдіктерімен бірге сирек қылқан жапырақты ағаштар өскен. <ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер