Моэм Сомерсет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Somerset Maugham (1934).jpg
Моэм Сомерсет

Моэм Сомерсет Уильям (1874-1965) – әлемге әйгілі көрнекті ағылшын жазушыларының бірі. 1874 жылы 25 қаңтарда Франциядағы британ елшілігінің заңгері отбасында дүниеге келеді. Он бір жасында ата-анасынан айрылып, Англиядағы туыстарының қолында тәрбиеленеді.Алғашқы романы «Ламбеттік Лиза» медициналық мектепте оқып жүргенде жазылады. 1907 жылы «Леди Фредерик» пьесасы жарыққа шыққаннан кейін оның есімі көпшілікке кеңінен танымал бола бастайды. Оның «Эшенден, немесе Британдық агент», «Шеппи», «Театр», «Ұстара жүзі» және тағы да басқа көптеген еңбектері. Белгілі жазушы 1965 жылы 15 желтоқсанында Ниццеде қайтыс болған.

Дереккөздер

  1. http://adebiportal.kz/authors/moem-somerset-/
  2. alemadebiety.kz

Сыртқы сілтемелер