Мор Томас
Үлгі:Infobox Biography Мор Томас<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref> (Үлгі:Lang-en,тағы Үлгі:Lang-en; 7 ақпан 1478, Лондон — 6 шілде 1535, Лондон)) – ағылшын гуманисі, утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. 1529 – 1532 жылы Англияда мемлекеттік жоғары қызметте болды. Папаны жақтап, корольге қарсы болғаны үшін Мор корольдің бұйрығы бойынша дарға асылды. Мор көптеген моральдық-философиялық трактаттар қалдырған. Өзінің “Утопия” (1516) деген негізгі шығармасында жеке меншікке негізделген қоғамды, өз тұсындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды сынға алып, қоғамдық меншікке негізделген қоғамдық құрылысты суреттеді. Қоғамдағы кемшіліктердің негізі жеке меншікте, ал оның өмір сүру негізі – адамдардың теріс әрекеті, менмендік, мансапқорлық дейді.
Ол алғаш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде баяндап, оны еңбекті ұйымдастыру және бөлісу идеяларымен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиялдағы “Утопия” мемлекетінің негізгі шаруашылық ұясы – отбасы қолөнер өндірісіне негізделген. Ондағы адамдар демократиялық басқару, еңбектің теңдігі жағдайында өмір сүреді. Адамдар күніне 6 сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылым, өнермен шұғылданады.
Адамның жан-жақты дамуына, оқуды еңбекпен ұштастыруға үлкен мән берілген. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады. Оның “Утопиядағы” қиялдары утопия социализмнің бастамасы болды. Мордың “Утопиясы” кейінгі реформаторларға, Фурье, Сен-Симон секілді басқа да утопия социализмнің өкілдеріне зор әсер етті.
<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
ISBN 9965-32-491-3</ref>
Дереккөздер
<references/>