Морфемика

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Морфемика — тілдің морфемдік құрылысы, сөз құрамындағы морфемалардың жиынтығы және солардың түрлері; сөздің құрамындағы морфемалардың түрлері мен құрылысын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. морфемиканың негізгі зерттеу объектісі — морфема. Сол себепті морфемика морфемалардың өзара бөлінуі және өзгеріске түсу ерекшеліктерін анықтауды мақсат етеді. Морфемиканың негізгі бөлімдері дәрежесінде бөлінетін мәселелері:

  • 1 )морфемалардың түрі мен олардың қызметіне байланысты сөз құрамындағы реттік жүйесін зерттеу (түбірлер мен қосымшалар жүйесі);
  • 2) морфемалардың лексикалық және грамматикалық мағыналарын анықтау (түбірлер мен қосымшалардың мағыналары); *3) сөз құрамындағы морфтарды өзара жіктеу және қандай морфемалардан тұратынын анықтау процесін (тір, тірі, тірлік) зерттеу;
  • 4) морфемелардың өзара бірігуінде болатын дыбыстық өзгерістерді зерттеу;
  • 5) морфемалардың дыбыстық құрылысын анықтау (бір, екі, үш, төрт дыбысты).

Алғашқы бөлімге қатысты мәселенің бірі — морфемалық талдау. Мұнда жеке сөз алынады да, оның қандай морфемалық тұлғалардан құрастырылғаны және морфемалардың орын тәртібі анықталады. Сөзді бұлайша бөлшектеу морфемиканың негізгі процестерінің бірінен саналады.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}