Мору қыртысының картасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Мору қыртысының картасы - масштабына байланысты әр түрлі түбегейлікте мору қыртысының таралуын, морфологиялық және геохимиялық типтерін, минералогиялық ерекшеліктерін көрсететін және онымен байланысты пайдалы қазбалардың орналасуы мен шоғырлану заңдылықтарын бейнелейтін карта. Геологиялық картадан айырмашылығы — бұл карта үшін субстрат таужыныстарының құрамымен, палеогеографиялық және палеотектоникалық деректермен толыққан арнайы негіз пайдаланылады. Мору қыртысының картасы ұсақ, орта және ірі масштабтарда жасалады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Geology-stub