Морозов Андрей Константинович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Морозов Андрей Константинович (1917 жылы туған, Башқортостан, Стерлитамак ауданы) – қоғам қайраткері. 1962–63 жылдары еңбекшілер депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысы Кеңесі атқару комитетінің төрағасы. Шымкент ауыл шаруашылығы техникумын, Алматы ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1941). 1941–45 жылдары Қызыл Армия қатарында 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1945–46 жылы Шымкент қалалық әскери комиссариатында, жер органдарында, 1946–54 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы, меңгерушісі, 1945–55 жылдары Батыс Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшысы, 1955–57 жылдары Қазақстан КП ОК ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі болды. 1957–59 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшысы, 1959–62 жылдары еңбекшілер депутаттары Алматы облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1963 жылдан Қазақ КСР жер суландыру және су шаруашылығы министрі қызметін атқарды.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Морозов Андрей Константинович|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}