Морис Давидович Симашко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Морис Симашко.jpg
Морис Давидович Симашко

Морис (Шамис) Давидович Симашко (18 наурыз 1924, Одесса24 желтоқсан 2001, Тель-Авив Израиль) — Қазақстанның халық жазушысы (1995).

  • 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
  • Одесса педагогикалық институтын (1946) бітірген.
  • ҚазМУ-ды бітірген (1950).
  • 1946 — 1976 жылдары оқу-ағарту және баспасөз салаларында қызмет атқарды.

Шығармашылығы

  • Шығармалары 1948 жылдан жариялана бастады.
  • 1958 жылы “Новый мир” журналы “Қарақұмда” повесін басып шығарды. Жазушы шығармаларының бас тақырыбы — Қазақстан, Ресей, Орталық Азия және Таяу Шығыстың тарихы мен ежелгі мәдениеті болды. Классик ақындар Мақтымқұлы мен Омар һайямның өмірі жөнінде
  • “Фрагидың арбауы” (1960)
  • “Қажы һайям” (1965)
  • ортағасырлық Египет пен Мысыр патшасы Бейбарыс сұлтанның өмірі жайында “Емшан” (1966)
  • “Кавад патшаның тарихы” (1968) повестерін
  • “Маздақ” тарихи романын (1968) жазды.

Симашко шығармаларының басты кейіпкерлері — нақты тарихи тұлғалар: сиқыршы-дуагер Маздақ, Кавад-патша, патшаның шежірегері Авраам, т.б. оқиғалар Византия, Тұран, Иран жерлерінде өтеді.

  • Қазақстандағы төңкеріс тақырыбына арналған “Комиссар Жангелдин” (1978)
  • Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметін сипаттаған “Қоңырау” (1982)
  • 18 ғасырдағы Ресейдегі тарихи оқиғалар мен әйел патша Екатеринаның бейнесін суреттеген “Семирамида” (1988) романдары жарық көрді.
  • “Дала комиссары” (1977, Ә.Әлімжановпен бірге) пьесасы Орта Азия мен Қазақстан театрларында қойылды.

Симашконың сценарийлері бойынша

  • “Дашқаладағы оқиға” (1964)
  • “Қарақұмда” (1965)
  • “Бейбарыс” (1989)
  • “Гу-га” (1989) кинофильмдері түсірілді.
  • “Әдеби сюжеттер” автобиогр. жинағында ол Украинада өткен балалық шағы мен 33-жылдардағы ашаршылық, 1937 ж. әкесінің тұтқындалуын, 47-жылдағы құрғақшылық, т.б. жайттарды шынайы бейнеледі.
  • “Киелі жерге сапар” — күрделі публицист. шығарма.
  • 1948 — 2000 жылдары аралығында жазған “Ашхабат — Алматы — Мәскеу — Бат-Ям” шығармасында шығарм. өмір жолын еске ала отырып, әр туындысының жазылу тарихын, мазмұнын баяндаған.
  • Соңғы шығармасы “Төртінші Римді” ол Израильде жазып, Қазақстанға қайтыс боларының алдында жіберген.
  • І.Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясын (1986)
  • Ғ.Мүсіреповтің “Жат қолында” романын, Ө.Қанахин, Т.Әлімқұлов, Д.Досжанов, т.б. шығармаларын орыс тіліне аударған.

Марапаттары

Симашко медальдармен марапатталған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын (1986) алған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті