Монич Владимир Кузьмич

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Монич Владимир Кузьмич (1909 жылы 23 қараша, бұрынғы Пермь губерниясы Прочинский кенті – 1964 жылы 21 қараша, Алматы) –геология-минералогия ғылымдарының докторы (1954), профессор (1955) Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). Сібір (Томск) геология барлау институтын бітірген (1931). Батыс Сібір геология басқармасының геологы (1931–32), Томск мемлекеттік университетінің минералогия және пайдалы қазбалар кафедрасының меңгерушісі (193241), Қазақ тау-кен және металлургия институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) минералогия және петрография кафедрасының доценті, профессор, кафедра меңгерушісі әрі «Қазақ түсті металл барлау» тресінің геологы, аға ғылыми қызметкері (1941–64) болып қызмет атқарған. Қазақстан ғылым академиясының геология ғылымдар институтында петрография секторының меңгерушісі болған.

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылыми еңбектері гранитоид тау жыныстарының табиғи құрамын, құрылымын зерттеу және петрогенез бен металлогения мәселелеріне арналған. Монич Владимир Кузьмичтың жетекшілігімен 20-дан астам ғылым кандидаты мен докторы даярланды. 100-ден аса ғыл. еңбектің, 6 монографияның авторы.

Шығармалары

  1. Геологический очерк Бериккульского золотопромышленного района, Монич Владимир Кузьмич, 1937;
  2. Южная часть Баянаульского гранитного плутона, А.-А., 1948;
  3. Петрография гранитных интрузий Баянаульского района в Центральном Казахстане, А.-А., 1957.

<ref name="Source 3">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Монич Владимир Кузьмич|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}