Молокандар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Molokan.jpg
Молокандар қауым бастықтары
Сурет:The Molokane (A).jpg
Молокандар, 1870ж

Молокандар

Молокандар - Ресейдегі діни секта, христиан дінінің бір ағымы. 18 ғасырдың аяғында Тамбов губерниясында қалыптасқан. Оның негізін қалаушы - Семен Уклеин. Молокандар шіркеуді, шіркеу иерархиясын, оразаны, иконаны және православие діни жораларын теріске шығарды. Молокандық - феодал-басыбайлылық жүйенің күйзеліске ұшыраған кезінде пайда болған шіркеуге қарсы шаруалар қозғалысының бір түрі. Молокандар патша үкіметі тарапынан қуғынға ұшырайды. 20 ғасырдың басында олар 1,2 млн адамға жетті.
Ұлы Октябрь революциясынан кейін олар ыдырай бастады. Кәзір Молокандардың аздаған топтары Закавказьеде, Украинада, Ресейде Ростов облысында бар. 1900 жылы молокандар АҚШ пен Мексикаға көшті.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998</ref>

Дереккөздер

Үлгі:References