Молекуланың кеңістіктегі құрылысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала Молекулалардың кеңістіктегі құрылысын түсіндіру үшін Л.Полинг енгізген атомдық орбитальдардың будандасуы туралы ттүсінікті пайдаланады. Будандасу, гибридтену деп түрпішіні және электрондық бұл энергиясы бойынша бірдей еместерді түрпішіні мен бұлт энергиясы бойынша бірдейй жғдайға қайта құру процесін айтады. Мұндай орбитальдарды буданды деп те атайды. Будандық орбитальдар саны бастапқы орбьитальдар санына тең, ал түрпішіні өзгешелеу. Будандық орбитальдағы электрондық тығыздылық ядродан басқа жаққа ығысады. сондықтан басқа атомның аттомдық орбиталімен әрекеттескен кезде максималды қайта жабу жүреді. Байланыс энергиясының бұл жоғарылауы будандық орбитальдың түзілуіне керекті энергияны теңестіреді. Нәтижеінде будандық орбитальдар түзген химиялық байлансытар беріктеу, ал алынған молекулалар берік болады.

Байланыстары

Электрондық бұлттардың қайта жабылу сипаты бойынша мына байланыстарды ажыратады:

  • σ сигма байланысы, ол әрекеттесуші атомдардың центрін қосатын, ось бойымен электрондық бұлттардың қайта жабылуы кезінде түзіледі. Сигма байланысы мына орбитальдардың қайта жабылуы кезінде болады: s-s, s-p, p-p, d-d, d-s, f-f және т.б. Бұл байланыс әдетте екі атомды қамтиды да олардың шегінен шықпайдв, сондықтан екі центрлік локализденген байланыс болады. Сигма байланыс жалқы және ол бір сызықшамен белгіленеді.
  • π пи байланыс, ол атомдар перпендикулярлық центрін қосатын осьтің бойымен электрондық бұлттардың бүйірден қайта жабылуы тұсында түзіледі. Пи байланыс келесі орбитальдық қайта жабылу кезінде түзіле алады: p-p, p-d, d-d, f-p, f-f
  • ∆ дельта байланыс төрт жапырақшаның бәрімен де қайта жабылғанда түзіледі.

Пи байланыстар сигма байланыспен түйіскенде қос байланыс түзеді. Екі пи байланыс бір сигма байланспен үш байланыс түзеді. Қос және үш байланысты еселі байланыстар деп атайды. Ал атомдар арасндағы байланыстар санын байланыстың еселігі деп атайды.

Дереккөздер

<ref>Жалпы химия, I том, Алматы-2003 жыл, С.Ж.Пірәлиев, Б.М.Бутин, Г.М.Байназарова, С.Ж.Жайлау</ref>